ToğyzQūmalaq туралы

ToğyzQūmalaq — қазақтың ұлттық ойынын онлайн ойнауға арналған платформа.

Ойын нарығына шыққан алғашқы тоғызқұмалақ бағдарламаларын 2012 жылы көргенім рас. Ойнауға болғанымен, интерфейстің тартымы шамалы еді. Сол үшін ойынға қайта кіргің келмейтін. Дизайны ескі, интерфейсі ыңғайсыз, ал жалпы әсері ұлттық ойыннан гөрі техникалық демонстрацияға көбірек ұқсайтын.

Сол кезде бір сұрақ туды: неге қазақтың ұлттық ойынының заманауи, сапалы платформасы жоқ? Болуына не кедергі?

Әу бастағы ойдың қарапайымдығы сонша, көп дүниені талап етпейтіні: әдемі интерфейсі болса, ойнауға ыңғайлы, кез келген адам кіріп ойнай алатын тоғызқұмалақ платформасын жасау деген ғана.

Алғашқы нобайлар шимай болып түсті. Бағдарламашылармен және студиялармен сөйлесіп-ақ көрдік. Дейтұрғанымен, жоба құны шамамен 40 мың долларға бағаланған соң, оны жүзеге асыру сол сәтте мүмкін болмады.

Беттер сызбасы
Беттер сызбасы, 2013 жыл
Тақтай нобайы
Тақтай нобайы, 2013 жыл

Идея ұмытылмай, сана түбінде бірде толқып, бірде батып жүргені хақ. Ол он жылдан астам уақыт бойы жай ғана өз кезегін күтіп бақты.

2026 жылы жасанды зияттың дамуы бұл мүмкіндікті іске асыруға қайта жол ашты. Бұрын үлкен топ пен көп қаражат қажет болған жұмысты енді жалғыз адам да бастап кете алатын заманға да жеттік.

Қарапайым идеядан осылайша ToğyzQūmalaq дүниеге келді.

Мұнда нақты ойыншылармен ойнап қана қоймай, рейтиң ұпайлар жинай аласың, одан бөлек тоғызқұмалақты кез келген құрылғыдан ойнауға әбден болады.

Ринат Темірболатұлы
ToğyzQūmalaq иесі